Өңірімізде жыл басынан бері тамақтан уланудың 3 фактісі тіркелген. Әсіресе, бұл жағдай мереке күндері екі есе жиілейді екен. Осыған байланысты мамандар өңірлік коммуникациялар қызметінде арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, сақтық шаралары туралы түсіндірді.
Тамақтан улану фактілері көбіне білім беру нысандарында орын алады екен. Себебі, әр мейрам кезінде сыныпта дастархан жаю үшін ата-аналар тағамдарды үйлерінен бір күн бұрын әзірлеп әкеледі. Ал бұл – / өнімдердің түрлі бактериялық токсиндер және уыттармен залалдануы мүмкін деген сөз. Сондықтан, мамандар мерекелік тағамды мектептің немесе балабақшаның асханасында дайындау керектігін алға тартады. Жалпы, микробтар ет және балық тағамдары мен майонез қосылған салаттарда жиі пайда болатын көрінеді. Сол себепті, дүкен аралаған уақытта өнімдердің сақталу мерзімі мен сыртқы түріне аса мән берген жөн. Сондай-ақ, санитарлық қағидаларды қатаң ұстану қажет.
Айнаш Сағандықова – СҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы:
– 2018 жылы СҚО бойынша ішек инфекциясымен аурудың 47 жағдайы тіркелді. Ал 2017 жылды алатын болсақ, 57 жағдай тіркелді. Барлығы 80 адам ішек инфекциясымен ауырды.
Култанов Байболат