Аптадағы маңызды жаңалықтар

Смирновода жылу қазандығы жарылды

Смирново селосындағы “Новостройка” кооперативінің тұрғындары жылусыз қала жаздады. Сенбі күні таңғы сағат 11-лер кезінде қосқабатты екі үйге жылу беретін орында қазандық жарылды.

Салдарынан шатырдың 5 шаршы метрі мен қабырғасы жартылай құлаған. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Оқиғаның орын алу себебі – суытатын сұйықтықтың қызып кетуінде. Ол маңда аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары мен жергілікті атқарушы орган өкілдері тиісті жұмыс жүргізген. Жылу беру бірнеше сағаттан кейін қайта қалпына келтірілді.

Данаш Хамзина