Мәдениет

Самал Еслямова “Азияның үздік актрисасы” атанды

Өнерсүйер қауым үшін жағымды жаңалық! Солтүстікқазақстандық Самал Еслямова “Азияның үздік актрисасы” атанды.

Жерлесімізге бұл жүлде Гонконгте режиссер Сергей Дворцевойдың “Айка” фильміндегі рөлі үшін табысталды. Еске сала кетейік, отандасымыз бұған дейін Канн кинофестивалінде және Түркияда өткен кинобайқауда ең үздік актриса атағын жеңіп алған болатын.

Култанов Байболат