Француз тіліндегі қойылым. “БЭСТ” гимназиясының оқушылары Лев Толстойдың “Война и мир” романы бойынша шағын спектакль сахналады. Достық үйінде өткен іс-шараны облыстық орыс қауымы ұйымдастырыпты.
Аталған премьераны өңірге іс-сапармен келген Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэ тамашалады. Спектакльге оқушылар шамамен 1 ай көлемінде дайындалған екен. Ал орыс әдебиетінің классик жазушысы Лев Толстойдың “Война и мир” туындысын таңдауға облыстық орыс драма театрының режиссері Тимур Каримжанов көмектесіпті. Басты рөлдердің бірі – Наталья Ростованың анасын оқушы Наталья Плотникова сомдап шықты.
Наталья Плотникова – “БЭСТ” гимназиясының оқушысы:
– Француз тілінің мұғалімі 1 ай бұрын бізге “Война и мир” романын сахналауды ұсынды. Бұл ойды бірден барлығы қолдады. Аптасына 2 рет дайындық жүргіздік. Мен үшін сценарий бойынша сөздерді жаттау қиынға соқты. Бір жағынан қатты қобалжыдым. Себебі, біздің премьераны Франция елшісі тамашалады. Барлығы ойдағыдай шыққан сияқты.
Молдир Шаяхмет