Бизнес және экономика

Теріскейліктердің сауда-саттық жасау көлемі азайды

Теріскейліктердің сауда-саттық жасау көлемі азайды. Статистик мамандардың мәліметіне сүйенсек, үстіміздегі жылдың алғашқы айында Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен жасаған алыс-беріс ауқымы 22 млн АҚШ долларын құраған.

Бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,5 пайызға аз. Жекелей алғанда, экспорттау 40 пайызға төмендеп, бар жоғы 3,3 млн-ға жеткен. Ал, импортта керісінше өсім бар. Қазақстанға құны 18 млн 800 мың доллар болатын тауар кіргізіліпті. Олардың басым бөлігі – Ресейде өндірілген өнімдер. Аталған көршілес елге 2,6 млн доллардың азық-түлігі сатылған. Беларусь және Қырғызстанмен арадағы сауда деңгейі мүлдем төмен. Экспорт та, импорт та жарты млн долларға жетпейді.

Эльмира Садвокасова