Спорт

Наурыздың 14-і құлагерліктердің ашық жаттығуы өтеді

“Құлагер” хоккей клубының Қазақстан чемпионатындағы ойындар сериясы жалғасуда. Жартылай финалға жолдама алған жергілікті спортшылардың алғашқы кездесуі атыраулық “Бейбарысқа” қарсы  сырт алаңда өтеді.

Матч наурыздың 17-сі мен 18-і күндеріне жоспарланған. Ал өз айдынында “Құлагер”қарсыласын 21-і мен 22-сі қабылдайды. Қомандалар осы жолы да 4 жеңіске дейін ойнаулары қажет. Сондықтан, хоккейшілер бүгінде дайындықтарын пысықтауда. Осындай жаттығулардың бірін наурыздың 14-і кешкі сағат 5-те тамашалау мүмкіндігі бар. Шара Спорт сарайында өтеді. Кейін клуб жетекшілері баспасөз конференциясын ұйымдастырады. Келем дейтіндер үшін есік ашық.