Денсаулық сақтау

“Атлант” медициналық орталығы мамандарының қабылдауы

Мойын омыртқасы, арқа және буын ауруларынан арылуға “Атлант” медициналық орталығының мамандары көмектеседі. Ресейлік дәрігерлер ағзадағы бұл ақауларды швейцариялық бірегей әдіспен емдейді. Олар Петропавлға наурыз айының соңында келмек.

Марина Казацкихті осыған дейін мойын омыртқасындағы ауырсынулар мазалап жүріпті. Сол себепті, ол қаңтар айында “Атлант” орталығының дәрігерлеріне көмекке жүгінген. Ақ халаттылар бар гәп бірінші мойын омыртқасында деген. Яғни, атлант жылжып кеткен. Ем-дом қабылдаған соң науқастың жағдайы жақсарыпты. Бүгін Марина мамандарға қайта қаралуға келіп отыр.

Марина Казацких:

– Ең алғаш рет бұл диагнозды дәрігерлер маған 2014 жылы қойды. Менің үнемі ұйқым келіп, тез шаршайтынмын. Бір иығым екіншісінен төменірек болатын. Осы орталықтың дәрігерлері емдегеннен кейін мен өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін. Иығым да орнына келді.

73 жастағы Федор Янакогловтың да 7-8 жылдан бері мойын омыртқасы маза бермепті. Дертіне дауа іздеген зейнеткер осыдан біраз уақыт бұрын ресейлік дәрігерлердің көмегіне жүгінген екен.

Федор Янакоглов:

– Денсаулығымның нашарлағаны соншалық буындарым сырқырап, қолым, саусақтарым жансызданатын күйге жетті. Кейін ресейлік мамандардың қаладағы “Панацея” отбасылық медициналық орталығында ем-дом шараларын жүргізетінін естідім. Дәрігердің қабылдауында болдым. Қазір жағдайым жақсарып қалды.

Атланттың жылжып кетуіне жол-көлік апатында не өндірісте алған жарақаттар, тіпті бала туу кезінде сәбиге келтірілген зақым себепші болып жатады. Адамды қалыпты өмір салтына қайта оралтуға бірегей швейцариялық әдістеменің қауқары бар. Ресейлік дәрігерлер бұл тәсілді бірнеше жыл қатарынан өз қызметтерінде пайдаланып келеді.

Владимир Бочановский, “Атлант” медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, РФ:

– Біздің орталық краниовертебралды аймақтың жұмысын қалыпқа келтірумен айналысады. Ағзаның бұл тұсы бас сүйек пен омыртқаны жалғайды, миды қанмен қамтамасыз етеді. Тың технологияның көмегімен біз аталған жердегі бұлшық ет пен буындардың қызметін түзейміз.

Ресейлік мамандар Петропавлда наурыздың 22-сі мен 28-і аралығында болады. Дәрігерлердің қабылдауына 8-715-2-63-21-72 нөмірі арқылы жазылуға мүмкіндік бар. Ем-дом шаралары мен консультациялар М.Жұмабаев көшесі, 109 мекен жайында орналасқан “Панацея” медициналық орталығында жүргізіледі.

Саят Ермек