Қоғам

Ассамблея аруы анықталды

Облыстық ассасмблеяның аруы анықталды. Бүгін Петропавлда 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Мисс ассамблея – 2019 байқауы өтті. Сайысқа қазақ, корей, орыс, әзірбайжан, татар, поляк ұлттарының өкілдері қатысты.

Әдемі көйлек киген бұл қыздар, бірінен-бірі өткен сұлу. Олардың қимыл-қозғалыстары көздің жауын алады. Сайыстың алғашқы кезеңінде қатысушылар сұрақтарға жауап беру керек. Бұл тапсырманы әр конкурстант дұрыс орындауға тырысты.

Бұдан соң кезек екінші кезеңге келді. Оған қазір Мөлдір Тілеухан дайындалып жатыр. Жерлесіміз бұл сайыста күй орындамақ.

Мөлдір Тілеухан – қатысушы:

– Қазақтың көйлегін киіп шығамын. Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ.

Ал, 24 жастағы Аделина Хисматуллина бұл сайысқа жеңу үшін келдім дейді. Ол байқауға татар халқының ұлттық биін дайындапты.

Поляк қызы Диана Попованың көйлегі өзіне жарасып тұр. Оны арнайы тапсырыс беріп тіктіріпті. Бұрымды кеште поляк халқының әні мен биін орындады.

Осы өнерімен көпшілікті тәнті еткен Диана, Ассамбляның аруы атанды.

Диана Попова – қатысушы:

– Бұл атаққа әр қатысушы лайық деп ойлаймын. Себебі бірі сұлулығымен көзге түссе, енді бірі өнерімен тәнті етті. Жеңіске жетемін деп ойлаған жоқпын.

Ал, қалған қатысушылар түрлі аталымдар бойынша марапатталды.