МТРА жаңалықтары

Облыстық әкімдік пен “Отандастар” қоры меморандумға қол қойды

Шеттегі және елге көшіп келген ағайындарға қолдау көрсету. 2 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Үкіметке осындай міндет жүктеген болатын. Осыған орай, 2017 жылдың 13-қазанында Президенттің бастауымен Елордада “Отандастар” қоры құрылды.

Бұл аралықта ұйым Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Ал бүгін аталған қор өкілдері жергілікті облыстық әкімдікпен меморандумға отырды. Жасалған келісім аясында алдағы уақытта бірқатар маңызды шаруаларды іске асыру көзделіп отыр. Мәселен, шетелдегі жастарды өңірдегі танымдық жазғы лагерьлеріне шақыру және киелі орындар бойынша этномәдени экспедицияларға қатыстыру. Бұдан бөлек, тарих пен ұлттық дәстүрді дәріптейтін курстарды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Әлия Әбілдинова – “Отандастар қоры” КЕ АҚ басқарушы директоры:

– Отандастар қоры бірнеше бағытта жұмыс істейді. Ең біріншіден, ол – білім, мәдениет және бизнес саласында. 8 жобалық кеңсеміз бар. Біз бірнеше шара ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Осы ретте биыл біздің ең негізгі серіктестеріміз – жергілікті әкімдіктер болып табылады.

 

Молдир Шаяхмет