Ауа райы

Алдағы екі күнде өңірде қатты жел соғады

Енді синоптиктердің айтқанына құлақ түрсек. Мамандардың берген мәліметі бойынша наурыздың 6-сы мен 7-сі күндері облыс аумағында қатты жел соғады. Оның екпіні секундына – 23, кей жерлерде 30 метрге дейін жетуі мүмкін.

Сондай-ақ, тұман түседі деп болжанып отыр. Тас жолдарда көктайғақ орын алып, сырма жүруі ықтимал. Осы орайда құтқарушылар алыс сапарға шыққалы отырған жолаушылардан қауіпсіздік ережелерін сақтауларын сұрайды.