Спорт

“Құлагер” ХК жартылай финалға жолдама алды

Хоккей сүйер қауымға қуанышты жаңалық. Құлагер құрамасы павлодарлық Ертісті плей-офф кезеңіндегі соңғы ойында тізе бүктірді.

Тартысты матчтың бірінші периодында есеп ашылмады. Ал келесі кезеңнің ортасына қарай құлагерлік Денис Стасюк көзгі түсіп, шайба авторы атанды. Дегенмен жерлестеріміздің қуанышы көпке созылмады. Керекуліктер осы жиырма минуттықта таразы басын теңестірді. Осылайша имек таяқ шеберлері үзіліске тарады. Соңғы периодта хоккейшілер қанша тырысып баққанымен таблодағы есеп өзгермеді. Кейін, кезек овертаймға келді. Бірақ, мұнда да жеңімпаз анықталмай, буллит ойнатылатын болды. Шешуші сында теріскейліктердің жолы болып, қарсыластарын 1-де 2 есебімен ұтты. Енді, жергілікті ұжым жігіттері жартылай финалда атыраулық Бейбарыс комадасымен күш сынасады. Алғашқы бәсеке 17-ші наурыз күні сырт айдында өтеді.