Спорт

Теннистен жасөспірімдер арасында 4-ші дәрежелі халықаралық турнир өтеді

Петропавлда теннистен жасөспірімдер арасында 4-ші дәрежелі халықаралық турнир өтеді.

Дүбірлі доданың ашылу салтанаты ақпанның 26-сы Теннис орталығында сағат 11.00-ге жоспарланған. Байрақты бәсеке Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен ҚР-ның Теннис федерациясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Сайысқа ел спортшыларымен қатар, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей мен АҚШ-тан келген 100-ге жуық теннисші қатыспақ.