Құқық қорғау органдары

Полицейлер “Борышкер” жедел-алдын алу шарасын өткізді

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары “Борышкер” жедел-алдын алу шарасын өткізді. Үш күндік операцияға 300-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды.

Олар сот орындаушыларымен бірлесіп әкімшілік айыппұлдарын өтемеген темір тұлпар иелерін анықтады. Мәселен, рейд барысында Volkswagen Jetta автокөлігі тоқтатылады. Рөлде отырған 34 жастағы ер адам жол ережесін бұзғаны үшін 2-3 айдың ішінде тағылған 7 айыппұлдың бірде-біреуін төлемеген. Есесіне оның машинасы айып тұрағына қойылды. Жалпы, “Борышкер” операциясы кезінде 13 млн теңгеден астам айыппұлдың өтелмегені белгілі болды.
Мамандар қарыздан құтылу үшін электрондық үкімет порталын пайдалануға болатынын еске салады. Кез келген адам әкімшілік айыппұлы бар болса, оны ірі дүкендерде орнатылған терминалдардың көмегімен төлей алады.