Спорт

“Құлагер” ХК “Ертіс” командасын тізе бүктірді

Шайбалы хоккейден ел біріншілігінің плей-офф кезеңіндегі ойындар әлі де жалғасып жатыр. Бұл сында жолдары түйіскен жергілікті “Кұлагермен” павлодарлық “Ертіс” клубтары кезекті кездесулерін өткізді.

Сырт айдында ұйымдастырылған 5-ші ойында солтүстікқазақстандық жігіттердің жолы болды. Олар қарсыластарын 1-де 2 есебімен ұтты. Осылайша бітіспес бәсекелестер арасындағы жалпы есеп 3-те 2-ге жетті. Енді, қос құрама 6-шы матчтарын өткізбек. Кездесу ақпанның 26-сы күні 19:00-де қаламыздағы Спорт сарайында басталады. Айта кетейік, плей-офф кезеңінде командалардың бірі 4 мәрте басым түсуі қажет. Сонда ғана жеңімпаз ұжым жартылай финалға жолдама алатын болады.

Байболат  Култанов