МТРА жаңалықтарыАптадағы маңызды жаңалықтар

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметті отставкаға жіберді

Хабарымызды Ақордадан жеткен шұғыл жаңалықтан бастаймыз. Бүгін күннің екінші жартысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметті отставкаға жіберді. Елбасы Үкіметті билік басындағы шенеуніктер мен Ұлттық банктың жұмысын сынға алып таратқан.

Ұлт көшбасшысы өз сөзінде әлеуметтік аз қамтылған халықтың бір бөлігіне мекенжайлық көмектің көрсетілмейтіндігін айтты. Президент бұл атқарушы органдардың жөнді іс атқармауынан орын алып отырған жағдай екендігін жеткізді. Енді, алдағы уақытта жаңа Үкімет жасақталмақ. Ондағы атқамінерлер тұрғындардың тұрмыс деңгейін жақсартып, экономиканы өсіруі қажет. Алдағы уақытта Астанада “Нұр Отан” партиясының съезі өтетіні мәлім. Сол жиында Президент Үкімет мүшелеріне жаңа тапсырмалалар жүктейтін болады.

Култанов Байболат