Қоғам

Өңірдің еңбек нарығындағы жағдай

Өңірдің еңбек нарығындағы жағдайда тоқтала кетейік. Статистик мамандардың мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың 4-ширегінде облыс бойынша жұмыс істеуге қабілетті жандардың саны 311 мыңды құраған. Бұл 2017-нің сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5 мыңға көп.

Олардың 296 мыңы екі қолға бір күрекпен қамтылған. 73 пайызы жалдамалы қызметкерлер болса, қалғандары – өзін-өзі жұмыспен қамту санатындағы тұрғындар. Соңғылары ауыл шаруашылығы мен сауда-саттық саласында еңбектенуде. Ал, жұмыссыздыққа келер болсақ, бұл ретте былтырғы көрсеткіш – 4,8 процент, яғни 15 мың адамды құрап отыр.

Култанов Байболат