Аптадағы маңызды жаңалықтар

Бейсенбі күні СҚО әкімі Құмар Ақсақалов халық алдында есеп береді

Қаңтар мен ақпан айларында өңір бойынша түрлі деңгейдегі әкімдер өткен жылды қорытындылап, халық алдында есеп берді. Бүгінге дейін барлығы 622 кездесу өтіп, оған 46 мың жерлесіміз қатысқан. Теріскейліктер тарапынан 2 мыға жуық сауал мен ұсыныс түсіпті.

Ал бейсенбі, ақпанның 21-і маңызды науқанды өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов қорытындылайды. Оқушылар сарайында облыс әкімі халық алдында есеп береді. Шара сағат 15:00-ге жоспарланған. Солтүстікқазақстандықтар аймақ басшысына 8 (7152) 35-02-04 телефон нөмірі арқылы сұрақтарын қоя алады. Тағы, толғандырған сауалдарды облыс әкімінің ресми сайтына да жолдауға болады. Кездесу барысында арнайы Call-centеr жұмыс істейді. Теріскейліктердің 8(7152) 35-00-07 нөмірі бойынша қоңырау шалып, шағымдар мен өтініш-тілектерін жеткізу мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, есептік кездесуді тұрғындар Муниципалдық телеарна және “Qyzyljar” арнасының тікелей эфирінен, тағы sko.gov.kz сілтемесі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсынан көре алады.

Саят Ермек