Ауа райы

Бейсенбі күні қар жауып, көктайғақ болады

Аязды күндер артта қалды деуге болады. Ауа райы бір апта бойы оң қабақ танытып тұр. Бірақ, синоптиктердің айтуынша бұл көпке созылмайтын көрінеді.

Өйткені, бейсенбі күні қар жауып, көктайғақ болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-25 метрге дейін жетпек. Бұл ретте құтқарушылар барлық сақтық шараларына мән беру қажеттігін ескертіп отыр.

Эльмира Садвокасова