Спорт

Алексей Луценконың кезекті жеңісі

Азияда чемпионы Алексей Луценко солтүстікқазақстандықтарды кезекті жеңісімен қуантты. “Оман туры” көпкүндік веложарысының 3-ші кезеңінде спортшы қарсыластарын артта қалдырып, көмбеге бірінші болып келді.

Велошабандоз 192 жарым шақырымды 4 сағат 35 минут 48 секундта жүріп өткен. Ал 4-кезеңде Алексей мәре сызығына 12-ші болып жеткен. Десе де, жерлесіміз жалпы есеп бойынша көш бастап тұр. Айта кеткен жөн, жарыстың 5-ші кезеңі таулы жерде өтпек. Спортшылар 152 шақырымды бағындырулары қажет.

Молдир Шаяхмет