Спорт

Қазақстандық велошабандоз “Оман туры” жарысының 2-кезеңінде жеңіске жетті

Спортсүйер қауымға жағымды жаңалық! Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко “Оман туры” веложарысының 2-кезеңінде жеңіске жетті.

Айта кеткен жөн, дүбірлі доданың кезекті сайысы 156 жарым шақырымды құрады. Бұл қашықтықты жерлесіміз 4 сағат 7 минут 19 секундта еңсерген. Ал, 2-ші орынды норвегиялық Александр Кристофф иеленді. Үздік үштікті оңтүстікафрикалық Райан Гиббонс тұйықтады. Дегенмен, жалпы есептегі бірінші сатыға Александр Кристофф жайғасқан. Одан кейін Алексей Луценко тұр. Әзірге, қазақстандық спортшы көшбасшыдан 3 секундқа қалып келеді. Көрермендерге құлаққағыс, бүгін байрақты бәсекенің үшінші кезеңі өтеді. Онда шабандоздар 192 жарым километрде бақтарын сынамақ.

Култанов Байболат