Қоғам

Қаңтар-желтоқсан айларында тіркелген статистикалық деректер

Статистик мамандардың берген дерегіне сүйенсек, бүгінде өңір халқының саны 554 мың 500 адамға жеткен. Оның 300 мыңнан астамы – ауылды жерлердің тұрғындары.

2018 жылдың қаңтар мен желтоқсан айлары арасындағы халықтың табиғи өсімі 626 адамды құрап отыр.
Былтыр облыста 7 мың 200-ге жуық нәресте дүниеге келген, бұл оның алдындағы жылға қарағанда 2,3 процентке кем.

Осы уақыт аралығында көз жұмғандардың саны 1,8 процентке азайыпты.

Сондай-ақ, статистик мамандардың айтуынша отбасылардың ажырасулары жиілеген. Бір жылдың ішінде 2 мыңнан астам ерлі-зайыпты айрылысып кеткен. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5 процентке артыпты.
Оған қоса шаңырақ көтеруге ниетті жандар да көп емес көрінеді. Өткен жылы 3605 жұп некелерін қиған екен, яғни шамамен 6 пайызға кеміген.

Данаш Хамзина