Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов халық алдында есеп беру кездесуін өткізеді

Ақпанның 21-і күні өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов халық алдында есеп беру кездесуін өткізеді. Шара Оқушылар сарайында сағат 15:00-де басталмақ. Бұл жиынды тұрғындар Муниципалды телеарнадан тікелей эфирде және sko.gov.kz сілтемесі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсынан көре алады.

Айта кеткен жөн, жерлестеріміз аймақ басшысына 8 (7152) 35-02-04 телефон нөмірі арқылы сұрақтарын қоя алады. Тағы, өздерінің сауалдарын облыс әкімінің сайтына жолдауларына болады. Бұдан бөлек, ақпанның 21-інде күндізгі сағат 3 пен 4-тің аралығында арнайы Call centеr жұмыс істемек. Оған теріскейліктердің 8(7152) 35-00-07 нөмірі бойынша хабарласып, өтініш-тілектерін жеткізулеріне мүмкіндік бар.

Култанов Байболат