Экология

Есіл өзенін ластаған кәсіпорын анықталды

Өңірлік экология департаментіне қала тұрғынынан кәсіпорындардың бірі Есіл өзеніне лас суды төгіп жатыр деген ақпарат түскен. Тексеріс жүргізген эколог мамандар қалалық “Тазартқыш, су таратқыш және су өткізгіш ғимараттар” мекемесінің қалдық суды өзенге ағызып жібергенін анықтады.

Департамент басшысының орынбасары Азамат Бектасовтың айтуынша, мекеменің қысқы уақытта қалдық суды төгуіне заңмен қатаң тыйым салынған. Бірақ, заңбұзушылар мұны ескермепті. Нәтижесінде Есіл арнасына 153 мың текше метр ағынды су түскен.

Азамат Бектасов – СҚО экология департаменті басшысының орынбасары:

 – Департамент мамандары тексеріс жүргізді. Факті расталды. Осы заңбұзушылық үшін 2 айыппұл салынды: 150 мың теңгеден астам және қоршаған ортаға тигізген залалы үшін 30 млн теңге.