Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары Айыртау жастарына нашақорлықтың зиянын түсіндірді

Солтүстікқазақстандық полицейлер өңір жастарын нашақорлық пен есірткі саудасының алдын алуға бағытталған бағдарламамен таныстыруда. Бұл жолы тәртіп сақшылары Айыртау ауданында болды.

Саумалкөлдегі кездесуге 400-ге жуық студент пен мектеп оқушысы қатысты. Олар арнайы жайылған көрме экспонаттары мен деректі фильмді тамашалады. Шынайы мысалдарды негізге ала отырып полицейлер өскелең ұрпаққа синтетикалық есірткінің ағза мен санаға әсері және зияны жайында баяндап берді. Сондай-ақ, оларға есірткі тарату фактісін көріп қалған жағдайда не істеу қажеттігі де түсіндірілді.

Эльмира Сәдуақасова