МТРА жаңалықтары

3 жылға созылған даудың түйіні тарқатылды

Кеңсе саламын деген кәсіпкердің ойы тұрғындардың наразылығын тудырды. Петропавлдағы Абай көшесінің бір бөлігінде осыдан 3 жыл бұрын іскер азамат жер алып, 2 қабатты ғимарат тұрғызбақшы болған. Нысанның / үйлердің дәл! жанынан орын тебуіне келіспеген тұрғындар мәселені шешуді өтініп бірталай органдарға жүгініпті.

Бұл – Абай көшесіндегі 33-ші мен 35-ші үйлердің арасындағы учаске. Тұрғындар тар жерде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кәсіпкерге наразы. Өйткені, алда-жалда от шықса не өрт сөндірушілердің көлігі өте алмайды, не жедел жәрдемнің де жақындай алмасы түсінікті.
Осыған байланысты 3 жылдан бері Надежда Скатованың да әбден мазасы кеткен. Нәзікжанды қоршалып тұрған жерге ойын баласы барып, бір бәлеге ұрынып қала ма деп қатты алаңдаулы.

Надежда Скатова – қала тұрғыны: 

– Бұрын бұл жерде көлік тұрағы болған. Құрылыс жұмыстары 3 жыл бұрын басталды. Бір кәсіпкер 2 қабатты ғимарат саламын дейді. Сонда алақандай жерден өту өзгелеріне ыңғайсыздық тудыратынын ойламай отыр.

Тұрғындар әкімдікке базыналарын айтып бірнеше рет арыз жазған екен. Сотқа да жүгініпті. Онда бұл жерде нысанды тұрғызуға тыйым салу туралы шешім шығарылған.

Иван Сердюк, қала тұрғыны: 

– Үш жыл қатарынан шағым түсіріп келеміз. Жағдайды қала әкімі де көріп кетті. Ғимараттың салынуын болдырмаймын деп уәде берді. 279 00.05 Жарты жыл бұрын соттастық та. Сот шешімі бойынша құрылыс тоқтатылуы қажет болатын.

Бірақ, кәсіпкер оған құлақ аспаған сыңайлы. Өз кезегінде ол құжаттарымның бәрі заңды, әкімшілік тарапынан рұқсатым да бар деп ақталды.
Ұзаққа созылған даудың шешімі ақыры табылған сияқты. Бұл мәселе бойынша қалалық әкімдік өкілдері түсініктеме берді.

Абылай Сүлейменов, Петропал қаласы әкімінің кеңесшісі: 

– Кафуцин деген азаматтың қолында осы жер учаскесіне қатысты меншік құқығын растайтын барлық құжаттар бар. Бірақ, жүргізіліп жатқан құрылыс тұрғындар үшін айтарлықтай қолайсыздық тудырып отырғандықтан кәсіпкерге өз жобасын жүзеге асыруына басқа аумақтан жер беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Абылай Сүлейменовтың айтуынша ал даудың туындауына себепкер болған жер учаскесі әкімдіктің меншігіне өтеді.

Асхат Ғалиасқаров