Құқық қорғау органдары

3 бірдей сібір елігін атқан күдікті ұсталды

Өңірде жыл басынан бері 2 бірдей браконьерлік оқиға тіркелген. Алғашқы жағдай қаңтар айында Смирнов мемлекеттік табиғи қорығының аумағында орын алыпты. Онда 1 сібір елігін атқан солтүстікқазақстандық пен Ресей азаматы ұсталған болатын.

Ал, соңғы заңбұзушылық осыдан 2 күн бұрын анықталды. Бұл жолы 3 бірдей сібір елігін аулап, мемлекетке 5 млн 680 мың теңге шығын келтірді деген күдікпек Қызылжар ауданының 1986 жылы туылған тұрғыны қолға түсті. Ол түнгі ондар шамасында тұяқтыларды атып алып, терісін, басы мен аяқтарын қарға көміп кеткен. Заңсыз аңшылық құрған жігіт құрықталды. Айта кетейік, оның қылмысы дәлелденсе браконьер 160 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 40 тәулікке қамауға алынуы мүмкін не болмаса 400 мың теңгеден аса көлемде айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

Нұрбек Баекин – СҚО ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

–  Рейдтік іс-шаралар кезінде Смирнов табиғи қорығының аумағында 10 ақпан күні атылған сібір еліктерінің 3 денесі табылды. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-ші бабы 1-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Оқиға орнынан заттай айғақтар алынды. Сондай-ақ, қарда жүргіш арнайы техника алынды.

Байболат  Култанов