Спорт

“Құлагер” ХК “Алматы” командасымен екі кездесу өткізді

Жексенбі күні жергілікті “Құлагер” ХК сырт айдында “Алматы” құрамасымен кездесіп, қарсыласын 1:2 есебімен тізе бүктірген болатын. Осылайша бағалы 3 ұпайға қол жеткізіп, турнирлік кестеде 6-шы орынға көтерілді. Алайда, оңтүстік астанада өткен қос ұжым арасындағы қарымта матч Петропавл хоккейшілері үшін сәтсіз аяқталды. Ойынның негізгі уақытында қарсыластар бір-бір шайбадан соқты, сол себепті матч тағдыры овертаймда шешілген еді. Мұнда алматылық құраманың бағы жанды. Кездесудің қорытынды есебі 2:1. Алайда, бұған қарамастан “Құлагер” ел біріншілігі турнирлік кестесіндегі 6-шы позициясын сақтап қалды.

Саят Ермек