МТРА жаңалықтары

Өңірдегі орташа жалақы деңгейі

Статистик мамандардың сөзіне сенсек, 2018 жылдың 4-ші тоқсанында өңірдегі бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 116 мың 356 теңгені құрады.

Салалық құрылымдар бойынша ең жоғары айлық еңбекақы қаржы және сақтандыру қызметінің мамандарына тиесілі. Олардың табысы орташа көрсеткіштен 2 есеге асып түсіп, 233 мың 942 теңгеге жеткен. Тау-кен өндіру саласында жұмыс істейтіндер 189 мың 431 теңге жалақы алса, көлік және қоймалау секторындағы мамандар айына 188 мың 250 теңге табыс табады екен.

Ал, керісінше ең төмен жалақы өнер, ойын-сауық және демалыс саласында тіркеліп отыр. Олар 73 мың теңгеден сәл артық айлық алады. Бұл облыстық көрсеткіштен 36,6 пайызға кем.

Молдир Шаяхмет