ТЖ

Айыртау ауданында үй өртеніп, 1 адам қаза тапты

Соңғы күндері өңіріміздің 3 ауданында 6 өрт оқиғасы тіркелді. Ақпанның 6-сы тілсіз жау Аққайың және М.Жұмабаев ауданындағы 2 тұрғын үйді жалмады. Абырой болғанда, мұнда қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ал Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында қызыл жалын 80 жастағы ер адамның өмірін қиды. Оқиға ақпанның 6-сынан 7-сіне қараған түні сағат 2-ден 45 минут кеткенде орын алды. Мамандардың болжамы бойынша өрт / пешті дұрыс пайдаланбағаннан туындаған.

ТЖД қызметкерлері қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін жер үй тұрғындарына пешті қараусыз қалдырмай, уақытында тазалап отыру қажеттігін ескертеді.

Молдир Шаяхмет