Құқық қорғау органдары

Өңірге АҚШ елшілігінің өкілдері келді

Өңірге Қазақстандағы АҚШ елшілігінің жанындағы АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің өкілдері келді.

Меймандар облыстық полиция департаментіндегі жедел басқару орталығында болды. Онда қонақтар қоғамдық тәртіпті күні-түні бейнебақылау жүйесі арқылы қадағалайтын мамандардың жұмысымен танысты. Айта кетейік, қазіргі таңда облыстағы камералардың саны 1200-ге жуықтайды. Оның 500-і – Петропавл қаласында. Бұдан соң, шетелдіктер 4 мыңға жуық жәдігер қойылған ведомство мұражайын аралады.

Молдир Шаяхмет