Қоғам

Өңірдегі күнкөріс деңгейі

Статистик мамандардың мәліметіне кезек берейік. 2019 жылдың қаңтар айында өңірде жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 24 770 теңгені құраған. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда бұл 0,8 пайыздық өсімді көрсетуде.

Ақшаның 20 пайызын – тұрғындар ет пен балық, 15 пайызын сүт, май өнімдері мен жұмыртқа алуға жұмсапты. Ал, шамамен 4000 теңгеге теріскейліктер жеміс пен көкөніс және нан мен жарма өнімдерін сатып алған. Қант, шай мен дәмдеуіштерге бар болғаны 2,4 пайыздан келеді. Бұл яғни, 600 теңге ғана. Шығындардың басым бөлігі азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге тиесілі. Солтүстікқазақстандықтар қаңтар айында оған 11 мың теңгеден аса ақша жұмсаған көрінеді.

Эльмира Сәдуақасова