Konstitutsia banner mobile

Ауа райы

Өңірде алдағы екі күнде ауа райы жылиды

Бүгін өңірде сынап бағанасы минус 37 градусқа дейін төмендеді.

Бірақ, алыс жолға шығамын дегендер үшін енді трассалар ашық. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, таңғы сағат 11-ден бастап сапарға жиналғандар үшін кедергі жоқ. Сондай-ақ, темір жол бекеті мен әуежай қалыпты жұмыстарын жалғастыруда.
Синоптиктердің болжауынша, алдағы екі күнде күн жылынады. Ал, әзірге құтқарушылар тиісті қауіпсіздік шараларын естен шығармауды ескертеді.

Эльмира Сәдуақасова