Ауа райы

Ақпан айында ауа райы қалай болады?

Қыстың соңғы айы да келіп жетті. Ақпанда ауа температурасы қалай болады? Оны білу үшін әріптестерім Қазгидромет өкілдерімен кездесіп, тілдесіп қайтты.

Мамандардың айтуынша алғашқы онкүндікте қыс қаһарын танытады. Бұл уақытта түнде сынап бағанасы кей жерлерде 43 градусқа дейін төмендемек. Ал, күндіз минус 33-ті көрсетеді. Және жиі қар жауып, бұрқасын тұрады деп болжанып отыр. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетпек. Екінші 10 тәулікте күн аздап жылынады. Бірақ, кей мезгілде түнде 28 градус аяз болуы мүмкін екен. Ал, күндіз температура әжептәуір жоғарылап, 4-9 градусты құрамақ.

Гүлзат Ғазизова – “Қазгидромет” РММ СҚО бойынша филиалының бөлім басшысы:

 – Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -10-15, кей жерлерде -20-25 градусқа төмендейді. Күндіз сынап бағанасы минус 2-7, кей жерлерде -12 градусты көрсетеді.

Култанов Байболат