Спорт

“Құлагер” қарымта матчта жеңіліс тапты

Құлагерліктердің қуанышы көпке созылмады. Кеше жергілікті хоккей клубы чемпионаттың аутсайдері – елордалық “Астанаға” есе жіберді.

Сырт айдында өткен матч 5-те 1-мен аяқталды. Осылайша теріскейлік ұжым маңызды 3 ұпайдан қағылды. Дегенмен, солтүстікқазақстандық құрама турнирлік кестедегі 6-орынды сақтап қалды. Енді, “Құлагер” командасы келесі кездесуін өз айдынында ақпанның 2-сі, 3-і күндері өткізеді. Онда біздің жігіттер атыраулық “Бейбарыспен” күш сынаспақ.

Култанов Байболат