МТРА жаңалықтары

Қазақстандықтардың ұялы телефон нөмірлері автоматты түрде тіркеледі

Елімізде қабылданған жаңа ережеге сай жаңа жылға дейін тіркелмеген ұялы телефон нөмірлеріне отандық операторлар қызмет көрсетпейді. Алайда, талапты орындамаған қазақстандықтардың нөмірлері баяғыдай жұмыс жасап тұр.

Ұялы телефон нөмірін тіркемеген абоненттерге қаңтардың 1-інен бастап байланыс қызметтері көрсетілмейді деген жаңалық жұртты дүрліктірмей қоймады. Хабардан құлағдар бола сала қазақстандықтардың бір бөлігі байланыс орталықтарына ағылса, енді бірі үйде отырып, ЖСН-ін хабарлама арқылы жіберіп, тіркеліп қойған. Ал үшіншілері бұған бейжай қараса керек.

– Вы зарегистрировали свой номер?
– Нет.
А отключили номер?
-Нет. Пользуемся номером. В прошлом году также говорили, ничего не сделали, так же пользуемся этим номером.

– До 1 января вы зарегистрировали свой номер?
– Сотовый номер, нет.
– А пользуетесь?
– Да, пользуюсь
.

Шынымен де, қазір жаңа жылдың алғашқы айы да аяқталып қалды. Алайда, байланыссыз қалдым деп шырылдап отырған ешкім жоқ. Жұрт аң-таң.
Жаңа ереже күшіне енбеді емес, енді. Бірақ, ел бойынша тіркелмеген телефон нөмірлері жоқтың қасы. Себебі, ұялы байланыс операторлары бұл операцияны автоматты түрде жүргізеді екен.

Эльмира Сейтенова – “Кcell” АҚ Петропавл қаласындағы филиалының қызмет көрсету бойынша аға өкілі:

– Тиісті үрдіс негізінен қашықтықтан СМС және USSD сұратымдары арқылы жүргізілді. Осылайша өз бетінше рәсімдеуден өткен абоненттердің 90 пайызы қашықтықтан тіркелді, ал қалғаны бұл жұмысты бүкіл Қазақстан бойынша абоненттік бөлімдерде жүзеге асырды. 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін оператор желісінде болған барлық қалған мобильдік құрылғылар абоненттік нөмір тіркелген ЖСН-ға автоматты түрде тіркелді.

Бірақ, нөмірді көшеде, яғни лицензиясы жоқ сатушыдан алсаңыз оның өзге адамның ЖСН тіркелген болып шығуы да ғажап емес. Сондықтан, сенімділік үшін қызметін пайдаланатын оператормен байланысқа шығып, 11 санды өз атыңызға жаздырып алған жөн. Әлі кеш емес. Сондай-ақ, енді нөмірді ауыстырған кезде немесе жаңасын алғанда сатушыға жеке куәлігіңізді беріп, нөмірді ЖСН-ге тіркеуді талап ету қажет.

Саят Ермек