Құқық қорғау органдары

Қаланың қақ ортасында екі көлік соқтығысып қалды

Кеше облыс орталығында жол-көлік апаты орын алды. Сағат кешкі 9 кезінде Жамбыл Жабаев және Абай көшелерінің қиылысында 2 машина қақтығысып қалды. Жол талғамайтын «Лексус» автокөлігінің жүргізушісі Абай көшесімен келе жатып бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, «Тойота Камриға» барып соғылған. Оқиға салдарынан 5 адам зардап шекті. Оның біреуін ауруханаға жатқызуға тура келіпті. Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалған.

 

Данаш Хамзина