Konstitutsia banner mobile

Спорт

“Құлагер” ХК “Теміртау” командасын қапы қалдырды

Спортсүйер қауымға жағымды жаңалық! Жергілікті “Құлагер” ХК “Теміртау” командасын қос матчта да қапы қалдырды.

Алғашқы кездесуде теріскейліктер Орталық Қазақстаннан келген қонақтарды 3:1 есебімен тізе бүктірді. Ал, екінші бәсекеде таблодағы сандар 3:2-ні көрсетті. Осылайша жерлестеріміз қоржындағы ұпайларын 71-ге жеткізіп, турнирлік кестедегі 6-орындарын сақтап қалды. Енді, хоккейшілеріміз келесі ойындарын сырт айдында қаңтардың 29-ы және 30-ы күндері өткізеді. Онда елордалық “Астана” командасымен күш сынаспақ.

Култанов Байболат