Халық тарих толқынында

Биыл Ленинград қаласының азат етілгеніне – 75 жыл

Ленинград қаласының неміс фашистерінен азат етілгеніне 75 жыл толуына орай жерлестеріміз 314-атқыштар дивизиясы ескерткішінің алдына жиналып, гүл шоқтарын қойды.

314-атқыштар дивизиясы 1941 жылдың шілде айында Петропавлда жасақталған болатын. Дивизияның 10 мың жауынгері майдан шебіне аттанып, Ленинград қаласын неміс фашистерінен азат етуге қатысты. Алайда, сарбаздардың тек 2 мыңы ғана үйіне аман оралған. Жыл сайын дәл осы күні солтүстікқазақстандықтар дивизия жауынгерлеріне арналған ескерткішке келіп, сарбаздардың рухына өз құрметтерін білдіреді. Бүгін де жиналған жұрт ұрыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Молдир Шаяхмет