Ауа райы

Алдағы үш күн аязды болмақ

Петропавлдық бүлдіршіндер үшін осы апта демалыстан басталды. Бүгін таңертең сынап бағанасы -26 градусты көрсетіп, бастауыш және орта буын оқушылары мектепке барған жоқ. Синоптиктердің болжауынша, мұндай аяз алдағы 3 күн бойы жалғаспақ.

Ертең, қаңтардың 29-ы ауа температурасы күндіз -13-18, ал түнде -21-26, кей жерлерде 30 градусқа дейін төмендейді. Өңірдің кей аумақтарында тұман түсуі ықтимал. Ал 30-шы қаңтарда сынап бағанасы түнде -15-20, ал күндіз небәрі -8-13 градусты көрсетеді. Бірақ, қар жауып, қатты жел соғып, тұман түседі деп болжануда. Айдың соңғы күнінде түнде
-25-30, ал күндізгі уақытта -20-25 градустық аяз күтілуде. Сондықтан, қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстаған абзал.

Саят Ермек