Тұлға

Өңірдің беделді журналисі Валерий Мерцалов өмірден өтті

Еліміздің білім беру ісіне еңбегі сіңген қайраткер, өңірдің беделді журналисі Валерий Мерцалов өмірден өтті. Тірі болса ақпанның 24-інде 69 жасқа толар еді. Ол соңғы жарты жыл қатерлі ісікпен күрескен болатын.

Журналистика саласында Валерий Мерцалов 46 жыл еңбек етті. 25 жылын республикалық “Казахстанская правда” газетінің өңірдегі меншікті тілшісі қызметіне арнаған. Басылымның бас кеңсесінде қызмет ететін әріптестері оның өз ісінің һас шебері әрі керемет дос бола білгенін айтуда. Жерлес журналистердің жадында да ол білікті маман және жарқын жүзді жан ретінде қалды. Валерий Мерцаловпен қоштасу ертең, яғни қаңтардың 26-сы күні сағат 12 жарымда Бостандық көшесі, 3 мекенжайында өтеді.

Саят Ермек