Ауа райы

Алдағы күндер аязды болады

Солтүстік Қазақстан облысына аязды күндер келді. Синоптиктердің мәліметі бойынша қаңтардың 27-сі мен 28-і түнде ауа температурасы күрт төмендейді.

Сынап бағанасы минус 30-35, кей жерлерде минус 38-ге дейін жетуі мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті бұл күндері қауіпсіздік шараларын ұстанып, елді мекен аумағынан ұзамау қажеттігін еске салады.

Данаш Хамзина