Қоғам

“Қызылжар-адалдық алаңы” жобасының аясында кездесу өтті

Ауруханалардағы кезек, медициналық қызмет көрсетудің сапасы және жемқорлықтың алдын алу. Аталған мәселелерді бүгін тиісті ведомство өкілдері, емдеу мекемелерінің меңгерушілері мен бас дәрігерлер талқылады.

Кездесу “Қызылжар-адалдық алаңы” жобасының аясында ұйымдастырылды. Жиын барысында ауруханалардағы ұзын-сонар кезектен цифрландырудың көмегімен арылуға болатыны жайлы айтылды. Сондай-ақ, науқастардың амбулаторлық карталары сандық форматқа ауыстырылуы керек деген де ұсыныс жасалды. Осындай жаңашылдық жалған медициналық анықтамалардың берілуін тоқтатады. Бұл өз кезегінде жемқорлыққа жол бермей, қызмет сапасының көтерілуіне септеспек.

Елена Степаненко, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Медициналық қызмет сапасыз көрсетілген жағдайда немесе басқа да мәселелер туындап жатса науқастардың біздің департаментке жүгінуге құқықтары бар. Бұдан бөлек, бізде өткен жылдан бері “Қоғамдық бақылау картасы” жобасы іске асуда. Осыған орай емделушілер 8707-564-14-24 нөміріне хабарласып, өзін мазалаған мәселесін айтып, жауап ала алады.

Молдир Шаяхмет