Қоғам

Зейнетақы жүйесіндегі жаңашылдықтар

Қаңтардың 25-сінен бастап қазақстандықтарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақша көлемін тың тәсіл арқылы білу мүмкіншілігі жасалып отыр. Дәлірек айтсақ, енді салымшылар барлық ақпаратты eGov.kz сайтынан ала алады.

Жаңа үрдіс былайша іске аспақ. Алдымен азамат электронды үкіметтің порталына аты-жөні, жеке сәйкестендіру және ұялы телефон нөмірін жазып тіркеледі. Бұдан кейін байланыс құралына бір реттік SMS құпия код келуі қажет. Соны арнайы бағанға жазып, жиналған зейнетақы аударымдарын білуге мүмкіндігі бар. Айта кетейік, осыған дейін бұл қызмет түрін цифрлық қолтаңбамен ғана пайдалануға болатын еді. Енді, іс жеңілдей түсті.

Ғалия Мұқанова – «БЖЗҚ» АҚ СҚОФ бөлім басшысы:

– Бұл тұрғындарға оңайлатылған. Себебі, барлық салымшыда электрондық цифрлық қолтаңба жоқ. Егер адамдарға тез арада зейнетақы жинағы жайлы үзінді керек болса, олар бір реттік СМС арқылы ала алады. Бірақ, салымшылардың бір реттік СМС келетін ұялы телефон нөмері mgov азаматтық базасында тіркелген болу қажет.

Байболат  Култанов