Ауа райы

Қаңтардың 23-і өңірде боран соғуы мүмкін

Хабарымыздың соңында ауа райы жайлы ақпарат. Бүгін ауа температурасының төмендеп, күннің суытқаны байқалады. Ал қаңтардың 23-інен өңірде тұман түсіп, боран соғады деп күтілуде.

Желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Осы ретте құтқарушылар солтүстікқазақстандықтарға ауа райы болжамына құлақ асып, сақтық шараларын ұстану қажеттігін ескертеді.

Магжан Ахмадина