Спорт

Полиция департаментінде шағын футболдан біріншілік өтті

2019-шы жыл Полиция департаментінде есірткімен байланысты құқықбұзушылықтарға қарсы жыл ретінде белгіленген. Осыған орай аға командалық құрам офицерлері арасында облыстық Полиция департаменті бастығының кубогі үшін шағын-футболдан біріншілік өтті.

Қызу тартыстың нәтижесінде полиция ведомствосының аппарат өкілдері әріптестерінен жеңісті жұлып алып, бірінші орынды иеленді. Күміс жүлде аудандық бөлім бастықтарының командасына бұйырды. Ал үздік үштікті олардың орынбасарларынан жасақталған құрама тұйықтады. Осылайша, кез келген жағдайға даяр тұратын тәртіп сақшылары өздерінің салауатты өмір салты мен спортқа деген көзқарастарын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Саят Ермек