МТРА жаңалықтары

Жас өркен шағын ауданында белгісіз біреулер кәріздік жүйенің ішіндегі ыстық су құбырын ашып тастаған

Жас өркен шағын ауданында белгісіз біреулер кәріздік жүйенің ішіне кіріп, ыстық су құбырын ашып тастаған.

Салдарынан Жамбыл көшесі 53 мекен жайы бойынша орналасқан жаңа үйлердің бірі зардап шекті. Оқиға шамамен түнгі сағат 3 кезінде орын алыпты. Баспананың жертөлесіне су кіріп, буланған. Сондай-ақ, жол бойындағы тротуардың кейбір жерлерін де су басып, тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі тудырған. Бұл жерде коммуналдық мекеме қызметшілері таңертеңнен бері тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Ол үшін 6 бірлік техника мен 8 маман жұмылдырылды.

Ермек Рахымжанов – қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы:

– Оқиға Жамбыл Жабаев және Парфирьев көшелері қиылысында орын алды. Коммуналдық мекеме қызметкерлеріне хабарлама түнгі сағат 3 кезінде келіп түсті. Жұмыс күні басталғаннан бері олар жертөледен суды тартып жатыр. Апат орын алған жердің маңында орналасқан 2 үй де әлі салынып бітпеген. Сол себепті, жапа шегушілер жоқ. 

Молдир Шаяхмет