Қоғам

«СҚО Азаматтық Альянс қауымдастығы» ЗТБ өткен жылды қорытындылады

«СҚО Азаматтық Альянс қауымдастығы» өткен жылды қорытындылады. Былтыр аталған ұйым өкілдері біраз шаруаның бетін қайырыпты.

Айтар болсақ, олар бірнеше рет ұйымдастырылған республикалық, облыстық деңгейдегі жиындарға белсенді қатысқан. Дегенмен, өзекті тұрған проблемалар да жеткілікті. Мәселен, жиында өңірімізде қауымдастықтың 300-ге ұжымы бары айтылды. Бірақ, олар мемлекеттік гранттарды жеңіп алу бойынша Қазақстанда ең төменгі орындардың бірін алады. Тағы, кейбір бірлестіктер өздеріне назар аударта алмай келеді. Мысалы, Кеңес үкіметі кезінде Семей ядролық полигонында қызмет еткен бір топ жерлесіміз сол қауіпті аумақта әскерде болғандары жайлы куәлікке ие бола алмай жүр екен. Нәтижесінде үкіметтен бөлінетін жеңілдіктер мен өтемақыдан қағылып отыр.

Асхат Төлепбергенов – “СҚО Семей полигоны” ҚБ төрағасы:

– 142 адамның 30 шақтысы жәрдемақы алады. Санаторияға барады. Ал қалғандарында құжат болмағандықтан мұндай жеңілдікке ие болмайды. Алдағы уақытта осы жігіттерге көмектесуді ойластырамыз.

Култанов Байболат