Балалар

Петропавлда “START” диалог алаңы өтті

Петропавлда “START” диалог алаңы өтті. Еркін форматта ұйымдастырылған шараға қонақ ретінде кейінгі ұрпақ өкілдерінің арасында танымалдылыққа ие шығармашыл тұлғалар қатысты.

Олар – өздерінің жастарына қарамастан, хоббилерін сүйікті кәсібіне айналдырып, істерін дөңгелетіп отырған жандар. Спикерлер жиылған қауыммен тәжірибелерімен бөлісіп, бірқатар ақыл-кеңестерін берді. Тағы шара барысында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Ирина Тухватуллина ағымдағы жылға жоспарымен бөлісті.

Ирина Тухватулина – СҚО жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi басқарма басшысы:

– “100 нақты қадам жастарға” атты жол картасы аты айтып тұрғандай 100 бірдей іс пен шаралардан тұрады. Жалпы, жоспар 9 бағыттан тұрады. Олардың барлығы кейінгі ұрпақтың бастамаларын қолдауға арналған.

Эльмира Садвокасова