МТРА жаңалықтары

“Құлагер” қонақта “Горняк” құрамасын жеңді

Петропавлдық “Құлагер” хоккей клубы сырт алаңдағы кездесулер сериясын жалғастыруда. Кеше жерлес хоккейшілер Рудный қаласында “Горняк”-қа қарсы алғашқы ойынын өткізді.

“Құлагер” кездесуді сәтсіз бастап, матчтың 8-ші минутында алғашқы шайбаны өткізіп алды. Бұдан соң петропавлдықтар жинақылық танытып, есеп айырмасын тез теңестірді. Алаң иелерінің қақпасына алғашқы шайбаны капитан Ильгиз Нуриев салды. Одан бөлек, “Құлагер” сапынан тағы 3 ойыншы ерекшеленді. Матчтың қорытынды есебі 2:4. Жеңіс жерлес құрама қанжығасында. Осылайша, “Құлагер” 63 ұпай жинап, біріншіліктің турнирлік кестесінде 6-шы орынға жайғасты. Қос құрама арасындағы қарымта кездесу бүгін кешке өтеді.

Саят Ермек