Спорт

“Құлагер” ХК “Горняк” командасына есе жіберді

Қаңтардың 17-сі жергілікті “Құлагер” командасы мен рудныйлық “Горняк” арасында қарымта кездесу өтті. Сырт алаңдағы ойында теріскейліктер есе жіберді.

Матч есебі 11-ші минутта ашылды. Алғашқы шайбаны құлагерліктер салды. Екінші кезеңде алаң иелері бұл қателіктерін түзеп, есеп айырмасын теңестірді. Ал соңғы 20-минуттықта қарсыластарынан суырылып шықты. Осылайша, 2:1 есебімен солтүстікқазақстандықтар “Горняк”-тан ұтылып қалды. Жергілікті ойыншылардың келесі кездесуі қаңтардың 21-і, 22-сі күндері өтетін болады. “Құлагер” хоккей клубы өз айдын алаңында турнирлік кестенің көшбасшысы – көкшетаулық “Арлан”-ды қабылдамақ.

Саят Ермек